Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен де өз таңдауын жасау үшін Астанадағы №66 мектеп-лицейде орналасқан №113 сайлау учаскесіне барды. Ол дауыс беруге жұбайымен және қызымен келді. Ал кандидат Салтанат Тұрсынбекова №107 сайлау учаскесіне өзінің сайлау штабының қызметкерлерімен бірге барып, өз таңдауын жасады.