Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Байқаушылар: сайлаушылар еш кедергісіз дауыс берді

AstanaTV
20.11.2022ж. 22:00
1321
Байқаушылар: сайлаушылар еш кедергісіз дауыс берді

Қызылжарда сайлаушылар еш кедергісіз дауыс берді. Байқаушылар сайлау науқаны туралы пікір білдірді. Айтуларынша, таңдау жасауда халық белсенділік танытқан. 640 сайлау учаскесінде 3600ға жуық адам бақылау жүргізді.

Жанат МҰХАМЕДЖАНОВ, «ПАРТИЯЛЫҚ ЕМЕС БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫ» РҚБ ТӨРАҒАСЫ:

Бұны тек сайлау науқаны емес, халық бұны мереке ретінде сезініп жатыр. Көңіл-күйлері жақсы.

Президенттің кезектен тыс сайлауы Ақтөбеде де тиісті талапқа сай өтті.

Байқаушылар таңғы алтыдан бастап дауыс беру процесінің заңға сәйкес өтуін бақылады. Бақылаушылардың айтуынша, ешқандай құқық бұзушылық деректері болмаған.

Нұржан ШАҢҒЫТБАЕВ, «ПАРТИЯЛЫҚ ЕМЕС БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫ» РҚБ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Халықтың саны өздеріңіз көріп отырсыздар, жастарымыздан бастап қарттарымызға дейін өз дауыстарын беріп кетіп жатыр. Құқықбұзушылық, заң бұзушылық жұмыстары орын алып жатқан жоқ.

А. Құрманкин