Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Бұл сайлау – демократиялық жаңа өзгерістердің бастауы», - Аман Мәмбеталиев

AstanaTV
20.11.2022ж. 22:00
1403
«Бұл сайлау – демократиялық жаңа өзгерістердің бастауы», - Аман Мәмбеталиев

«Бұл сайлау – демократиялық өзгерістердің бастауы». Осылай деген саясаттанушы Мақсат Жақау саяси науқанның ерекшеліктеріне тоқталды.

Мақсат ЖАҚАУ, САЯСАТТАНУШЫ:

Бұл сайлаудың өзгешелігі бәріне қарсымын деген анықталатын бюллетеньде бұның барлығы таза демократиялық шешімдердің тысқары қалмағанын көрсетеді. Себебі тек қана кандидаттарға ғана дауыс беру емес, кандидаттардың бағдарламасы ұнамайтын болса, сөзсіз онда бәріне қарсымын деген дауысты да шешім қылып қабылдауға болады. Бұның барлығы біздің еліміздің демократиялық жаңа өзгерістердің қадамы ретінде түсінуге болады.

Саясаттанушы Аман Мамбеталиев жаңа бастамалар мен саяси жүйенің жаңаруы жарқын болашаққа жетелейді дейді. Сондықтан ел тұрғындары сайлаудан қалыс қалмай, өз таңдауларын жасады деп санайды.

Аман МӘМБЕТАЛИЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Егер бұған дейінгі бүкіл саяси құрылымдар мен модельдер күшті суперпрезиденттік басқару формасымен құрылған болса, қазір бұрынғы саясатқа кері процесс жүріп жатыр. Биліктің барлық тармақтары бойынша басқару нысандарын шектеу және олардың арасындағы осы билікті теңестіру болашаққа деген сенімді оятады.

А. Базарбай