Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Сайлау учаскелерінің дайындығы жоғары

AstanaTV
20.11.2022ж. 22:00
1664
Сайлау учаскелерінің дайындығы жоғары

Павлодардағы Президент сайлауын кандидаттардың 500-ден астам сенімді өкілі қадағалады. Қала бойынша шағымдар мен ескертулер тіркелген жоқ.

Русана САМЕКОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ Қ.ТОҚАЕВТЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ:

Азаматтар дауыс беруге отбасыларымен, балаларымен бірге келді. Бұл өте жақсы. Себебі балаларға осы арқылы әркімнің дауысы маңызды екенін көрсетеміз. №11 сайлау учаскесінде ешқандай құқық бұзушылықтар болған жоқ.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы ұсынған кандидаттың Павлодар облысы бойынша 100-ден астам сенімді өкілі бар. Олар бұл сайлауға мұқият дайындалғандарын айтты. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық жағдайды жасауды басты назарға алған.

Ажар САҒАНДЫҚОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ Н.ӘУЕСБАЕВТЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ:

Биыл сайлау учаскелері жақсы дайындалған. Ешқандай күрделі мәселе жоқ. Тек бір ғана түсініспеушілік орын алды. Ол әртүрлі себептерге байланысты тіркеліп үлгермеген адамдарға байланысты. Бірақ бұл түйіткіл де тез тарқады.

А. Задабек