Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ғасыр жасаған қарттар да дауыс берді

AstanaTV
20.11.2022ж. 22:00
918
Ғасыр жасаған қарттар да дауыс берді

Ғасыр куәгерлері дауыс берді. Ел жылнамасындағы жетінші Президенттік сайлауда 100 жастан асқан қарттарымыз да өз таңдауын жасады.

Павлодарлық 106 жастағы кейуана үшін бүгін маңызды күн. Сырқатына қарамастан өз кандидатын белгілеген бюллетенді сайлау жәшігіне салды.

Қапиза РАХМЕТ, БАЙДАЛА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Заманымыз түзу болсын! Тілеген тілектерің қабыл болсын! Жастардың дені сау, жастары ұзақ болсын! Аспанымыз ашық, Отанымыз тыныш болсын!

Жамбыл облысында 716 мың сайлаушы тіркелген. Оның сегіз мыңнан астамы – 80 жастан асқан қария. Соның бірі – Күлия Үсенова. Ғасыр жасаған кейуана үйден дауыс бергісі келмеген. Бой жаза жүріп, жастарға үлгі болуды ниет етіпті.

Күлия ҮСЕНОВА, ҒАСЫР ЖАСАҒАН КЕЙУАНА:

100-ге келсем де жастарға үлгі болайын деп келдім, айналайын. Еліміздің болашағы үшін. Халық аман болсын, ел аман болсын. Жұртта тыныштық болсын. Халыққа тыныштық берсін.

Атыраулық Балзиба Мәжітова биыл 104 жаста. Соғыс жылдары тылда еңбек еткен, 12 перзент көтерген алтын құрсақты ана бүгінде 11 шөбере, 17 жиен, 34 жиеншар, 1 шөпшектің қызығын көріп отыр. Қария ел болашағы үшін өз таңдауын жасап, батасын берді.

Р. Бақытжанқызы