$494.87 €520.65 ₽4.91
×

10 жасар Рамина Сатыбалды халықаралық конкурста топ жарды

AstanaTV
22.11.2022ж. 20:00
3311
10 жасар Рамина Сатыбалды халықаралық конкурста топ жарды

Ақжолтай ақпар! Небәрі 10 жасар астаналық Рамина Сатыбалды «GOLDEN VOICE» халықаралық конкурсының бас жүлдесін жеңіп алды.

Төрт жасынан бастап вокалдан дәріс алған талантты жеткіншек бұған дейін отандық «Бозторғай», «Шаттық» және «Mega Fest», «New Star», «Славян базары» сынды халықаралық байқауларда топ жарған. Әлемнің 8 мемлекетінен келген 100 ден астам қатысушы арасынан жүзден жүйрік атанып, байқаудың гран при иегері атанды.

Рамина САТЫБАЛДЫ, «GOLDEN VOICE» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ:

Мен Арменияда «GOLDEN VOICE» деген конкурсқа қатыстым. Мен Гран При атандым. Мен екі әнді орындадым. “Wrecking ball”, “Қазақпын”деген ән. Маған жолдама берді. Италияға. Мен Қазақстанның атынан шығамын. Мен ойлаймын өзімді жақсы ұстаймын. Жүлделі орын аламын.

Раминаның ұстаздары, бірге оқитын достары жас әншінің жетістігімен мақтанады. Бүгін оны мектеп директоры арнайы құттықтап, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі.

Шимшек СЕЛМАН, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Алғашқы жеңісі емес. Мен ойлаймын бұл соңы да емес. Әлі көп жетістіктерге жетеді деп ойлаймын. Көбіне өнер саласында жүретін оқушылар сабақты кішкене артқа қалдырады. Бірақ Рамина керісінше. Сабақты да, өнер саласында екі жақты алып жүретін оқушымыз.

Раминаның ұстазы- Әлемді аузына қаратқан Димаш Құдайберген, Рухия Байдүкенова сынды таланттарды дайындаған, музыка әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар Қарлығаш Әбдікәрімова . Енді Рамина 2023 жылы ақпанда Италияда еліміздің намысын қорғайды.

Р. Бақытжанқызы