Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ақмолалық оқушы темір жол дірілінен электр қуатын өндіру жобасын әзірледі

AstanaTV
22.11.2022ж. 20:00
1093
Ақмолалық оқушы темір жол дірілінен электр қуатын өндіру жобасын әзірледі

Темір жол дірілінен электр қуатын өндіру. Ақмолалық жас өнертапқыш осындай экологиялық жоба дайындады. Тың жобаны әзірлеуге 1 жылға жуық уақыт кеткен. Облыс орталығында өткен экологиялық жобалар сайысында ол өз жұмысын ұсынып, байқаудың бас жүлдесін қанжығалады. Жалпы бұл байқаудың басты мақсаты -аймақтағы «жасыл экономиканы» дамытып, жастардың белсенділігін арттыру,-дейді ұйымдастырушылар.

Диасәлі шаһардағы Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алады. Оны жастайынан осы тақырып қызықтырған.

Диасәлі КӘРІМ, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ:

Барлық темір жолдардың 20 пайызы ғана электроландырылған. Міне осы мәселені шешуде менің құрылғым көмектеседі. Құрылғы электро магниттік кондукция принціпін де жұмыс істейді.

Ал, Жақсы ауданынан келген Жасмин Ибрашева пластик қалдықтарын кәдеге жаратуды машықтанып алыпты.

Жасмин ИБРАШЕВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:

Қазіргі таңда пластикадан сәндік сырғалар, гүлдер және осындай май шам ыдыстарын жасаймын.

Жалпы экологиялық байқауға 60-тан аса жоба ұсынылған. Ақтық сынға тек соның 10-ғана өтіпті.

Мәриям ӘБІШЕВА, «KAZAKHSTAN INNOVATIONS» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Бұрындары осындай сайыстарға көбінесе кәсіби мамандар мен ғалымдар қатысатын. Ал, соңғы жылдары жастардың үлесі артты.

Сайыстың жүлде қоры - 750 мың теңге. Байқаудың мақсаты аймақтағы «жасыл экономиканы» дамытып, жастардың белсенділігін арттыру.