$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада 32 жастағы келіншек өз үйінде өлі табылды

AstanaTV
23.11.2022ж. 20:00
2882
Астанада 32 жастағы келіншек өз үйінде өлі табылды

Астанада 32 жастағы келіншектің мәйіті өз пәтерінен табылды. Бұған қатысты «өз-өзін өлтіру» бабымен іс қозғалған. Бірақ марқұмның туыстары онымен келіспейді. Өзіне өзі қол салуы мүмкін емес дейді. Оқиғаның мән-жайын тілшіміз Әсел Дүкембаева анықтап көрді.

Марқұм Асыл Тәпенова – Қызылорда облысы Арал ауданының тумасы. Соңғы жылдары Астанада жұмыс істеп жүрген. Келіншек қайтыс болар алдында бірнеше күн ауылдағы анасына хабарласпай кетіпті.

Әділхан МАХАНОВ, МАРҚҰМНЫҢ АҒАСЫ:

Звондағанда, ол алмайды. Сол жақтың апасына айтады. Барып көріп қайтшы деп. Үй жағына барған апамыз, көршілері айтқан қай күні айқай шықты, шыңғырғандай дауыс шықты, біз бармадық деді. Көршілері айтқан ғой бұзып кірейік деп, бұзып кірсе, қансырап өліп жатыр дейді.

Марқұмның ағасы Асылдың өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес дейді.

Әділхан МАХАНОВ, МАРҚҰМНЫҢ АҒАСЫ:

Қинап өлтірген әбден. Енді адам өзін өйтіп істемейді ғой. Бұл адамның қолынан қаза тауып отыр. Адамы ұсталып, жазасын алса дейміз.

Асыл Тәпенова жалдап тұрған пәтерге бардық. Көршілерімен тілдестік. Олар мұнда жас келіншектің жалғыз өзі тұрғанын айтады.

Мәйітке жасалған сараптамадан соң суицид деп қорытынды шығарылған. Бірақ, туыстары мұнымен келіспейді. Асыл адам қолынан қаза тапқан болуы мүмкін дейді.

Нұрәлі ТӘҢІРБЕРГЕНОВ, АСТАНА қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған факт бойынша Астана қаласының Сарыарқа аудандық ПД-нің ҚР 105 бабы 1 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Әсел ДҮКЕМБАЕВА, ТІЛШІ:

Марқұмның туыстары тергеудің әділ жүргізілуін талап етуде. Себебі адам өзін айуандықпен өлтіруі мүмкін емес дейді. Ал 32 жасында қайтыс болған Асыл Тәпенованың артында 10 жасар қызы мен 57 жастағы анасы қалған.

Ә. Дүкембаева