Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Астанада полиция көліктері сатылады

AstanaTV
23.11.2022ж. 20:00
1723
Астанада полиция көліктері сатылады

Полиция көліктері сатылады. Әлеуметтік желіде 2005-2015 жылдары шығарылған полиция машиналарын сату туралы оннан астам хабарландыру пайда болды. Тіпті жол талғамайтын көлік пен бизнес-классы да бар. Сатылымдағы көліктер Астананың Сарыарқа ауданында орналасқандығы көрсетілген. Ол мекен-жайға біз де бардық. Көліктер тұр. Бірақ жауап беретін адам таппадық. Атырау облысында да мұндай хабарландыру жетерлік. Жарнаманы ұсынып отырған әкімдік. «Бұл құзырлы мекеменің жекешелендіру тапсырысы» дейді олар. Ал қалалық Полиция департаменті көліктердің не себепті сатылымға шыққаны туралы айтпай отыр.

Айнұр ШОМИРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Атырау облысы Полиция департаментіндегі теңгеріміндегі 64 бірлік құралын сауда-саттыққа шығару жұмыстарын жүргізілуде. Сауда-саттық аукцион екі әдіспен өткізіледі, бағаны көтеру және бағаны төмендету. Бірінші саттықты өткізу қараша айына жоспарланған.

Ә. Дүкембаева