Орал қаласының әкімдігі мен жергілікті «Кублей» зауытының соты тоқтатылды. Сот тараптарға ымыраға келу туралы шешім шығарды. Бірақ дауласушылар мұнымен келіспейді. Консерв зауыты өкілдерінің айтуынша, санитарлық аумақтағы үйлер заңсыз салынған. Кейін тұрғындар зауытқа шағымданып, кәсіпорын жабылып, 700 адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл – өңірдің ауыл шаруашылығы саласына үлкен соққы. Өйткені жергілікті шаруалар өз өнімін өткізетін жер таппай қалады. Ал даулы жерден үй сатып алған тұрғындар далада қаламыз ба деп қорқады.
Светлана КЛЕНИНА, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ:
Мына жерде медиация туралы айтудың өзі артық. Судья мәмілеге келудің мерзімін нақтыламады. Біз сонымен келіспейміз.
Консерв зауыты мен құрылыс компаниясының арасындағы даудың басталғанына екі жылдан асты. Жергілікті шенеуніктер де бұл істе қателік кеткенін мойындап, өндірістік аумақтың ерекшелігі ескерілмегенін жасырмайды. Енді бұл даудың немен аяқталары белгісіз.
Бақытжан БАЗАРБЕК, ЗАҢГЕР:
Әкімдік те, жер қатынастары бөлімі, сәулет-қала құрылысы бөлімі, ГАСК ауыз жаласып кеткен. Үйді соққан кезде дұрыстап заңның талаптарына сай соғу кер ек еді. Үйді соққан кезде жобаның өзін дайындаған кезде ешқандай құжатсыз дайындаған.
Сот бұл дауға Үкімет пен Бас прокуратураның да араласуын сұрап хат жолдады. Енді Үкімет осы іске қатысты өз ұстанымын білдірсе, Бас прокуратура құрылыс компаниясы мен оралдық шенеуніктердің іс-әрекеттеріне қылмыстық іс қозғаудың қажеттілігіне құқықтық баға береді.
Е. Карин