$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылжарлық такси парктерінің одағы алғашқы рейд шараларын өткізді

AstanaTV
02.08.2016ж. 20:00
2357
Қызылжарлық такси парктерінің одағы алғашқы рейд шараларын өткізді

Қызылжарда құрылған такси парктерінің одағы алғашқы рейдтік тексеруін өткізді. Ұйым мүшелері полицейлермен бірлесіп, заңсыз  жолаушы тасымалдаған такси жүргізушілерін анықтауды көздепті. Акцияны ұйымдастырушылар арнайы жүйе бойынша жұмыс істеді. Шараға тұрғындар да қолдау көрсетті.

Тәртіп сақшыларының тексерісі кезінде бірқатар жүргізушілер қажетті құжаттарын көрсете алмады. Кейбіреуінің көлік пен жолаушыларды сақтандыру қағазы жоқ, енді бірі жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Бәзбіреулердің тіпті жүргізуші куәлігі де болмай шықты. Полицейлер заңды елемегендердің көлігін айыппұл тұрағына жөнелтті. Ал кейбіріне ескерту жасады. Келесі жолы мұндай олқылықты жібергендерге 50 мың теңге көлемінде айыппұл салынбақ.

Еске салайық, жуырда Қызылжарда «Жолаушылар тасымалдау одағы» құрылғанын жаңалықтарымызда хабарлаған едік. Қоғамдық ұйым такси жүргізушілерінің қауіпсіздікті сақтауын қадағалап, бақылауды күшейтуді қолға алды. 

Әмір Баязитов, «Жолаушылар тасымалдау одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Такси жүргізушілерінің көбі жолаушылар тасымалдауға қосымша табыс көзі ретінде қарайды. Олар күні-түні жұмыс істемейді. Демек, таксиге қойылатын талаптардың көбін орындамайды. Мұндай көлікке отыру қауіпті. Сондықтан такси парктері осындай жауапсыз жүргізушілерден арылуы керек. 

Абзал ҚҰРМАНКИН