Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Түркістан облысында жасөспірімді пышақтап, өлтірген

Түркістан облысында жасөспірімді пышақтап, өлтірген

Түркістан облысында жасөспірімді пышақтап, өлтірген. Күдікті ретінде мектеп оқушысы қамауға алынды. Бұл жантүршігерлік жағдай Шардара ауданында болған. Полиция бөліміне көшеден белгісіз ер баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобының қызметкерлері марқұмның жеке басын анықтады. Сондай-ақ, ас үй пышағы мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Бір сағат ішінде күдікті де қолға түскен. Ол - кәмелет жасқа толмаған қыз бала. Өз әрекетін толық мойындады дейді. Қазір бұған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Белгілі болғандай, түнгі сағат 3.00 шамасында күдікті жәбірленушімен кездескен. Кездесуде жасөспірім қыз өзімен бірге пышақ алып келіп, жанжалдасу кезінде жәбірленуші жасөспірімге пышақ жарақатын салған. Жасөспірім ер бала алған дене жарақатынан сол жерде қайтыс болды.

А. Төребекқызы