Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Масаны жеңе алмаған Павлодар әкімдігі инелікке ескерткіш қойды

AstanaTV
24.11.2022ж. 20:00
1107
Масаны жеңе алмаған Павлодар әкімдігі инелікке ескерткіш қойды

Масаны жеңе алмаған Павлодар әкімдігі инелікке ескерткіш қойды. Ерекше мүсін қаладағы саябақтардың бірінен орын алған. Тас мүсінді жасау мен орнатуға қазынадан 2 млн. теңге жұмсалыпты. Ал инеліктің кескінін мүсінші Мұрат Әбілқасымов пен Виктор Татаринович жасапты.

Салтанат ӘКІМБЕКОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Инеліктің мүсінін қою идеясын қала тұрғындары ұсынды. Өйткені, шаһар халқы осы жәндікті масамен күрестің символы ретінде көреді. Инеліктің келуі павлодарлықтарды қуантады. Бұл саябақта инеліктен бөлек «Қанатты періште», «Кітаптың құдіреті» секілді тағы басқа да мүсіндер бар.

Жаз басталса, Кереку халқы шыбын шіркейге таланады. Билік қансорғыштармен жыл сайын күрессе де, оларды жеңе алмай келеді. Сондықтан да инелікті масамен күресудің символы ретінде таңдап, оған құрметпен қарауды жөн көріпті.

Ө. Қуанар