Елімізде 130-дан астам ұлттың өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде. Бұл - ынтымақ пен бірліктің арқасы. Осылай деген ақмолалық ардагерлер халық ішінде абыз-ақсақал атанып, ұлттардың ұйысуына үлес қосып отыр.
Қабанбай батыр ауылында 14 ұлт диаспорасы бейбіт күн кешуде. Жергілікті тұрғын Магомед Суқаловтың айтуынша әр халықтың жеке іс-шаралары жиі ұйымдастырылып тұрады.
Магомед СУҚАЛОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Биыл не істедік? Қандай жағдай? Жыл басынан бері атқарған жұмыстарымызды көрсеткіміз келеді. Аналар қоғамын, ішкі саясат өкілдерін шақырамыз. Барлығының басын қосып, жылды нәтижелі аяқтайтын боламыз.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмола облыстық филиалы жанынан 2014 жылы «Аналар кеңесі» құрылған. Кеңес негізінен көпбалалы, жалғыз басты аналарға көмек көрсетеді. Мұнан өзге жастарға рухани тәрбие беру бағытында да жұмыс атқарады. Мәселен, қыздар клубы жасөспірімдердің тәрбиесімен айналысып, оларды болашақ ана, отбасының берекесі ретінде тәрбиелейді.
Зәуре ҚАҚАБАЕВА, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:
Қабанбай батыр ауылында «Төркіндеу» деген ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрді көрсеттік. «Болашақ» бағдарламасы бойынша бітіріп келген Жакенова Назгүлмен кездесу өткіздік. Ол қандай жетістікке жетті? Болашақты бітіріп келгеннен кейін елге қызмет атқарып жатқанын. Жастардың ортасында көрсеттік.
Аналар кеңесі биыл балалардың қатысуымен көптеген іс-шара өткізді. Жеткіншектер ел аралауға мүмкіндік алды. Саяхат кезінде елін, жерін, отанын құрметтеу жайы түсіндірілді.
Р. Бақытжанқызы