Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Такси жүргізушілері мен курьерлерге салық салынады

AstanaTV
05.12.2022ж. 20:00
2045
Такси жүргізушілері мен курьерлерге салық салынады

Енді такси жүргізушілері мен онлайн сервис курьерлері салық төлейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова осылай саладағы көлеңкелі бизнестің жолың кесіп, жауапкершілікті күшейтеміз деп отыр. Тілшіміз Дәрібек Бақытбектұлы курерлік қызмет арқылы күн көріп жүрген жандармен тілдесіп көрді.

Ырысбек Амангелді 4 жылдан бері курьер болып, қосымша қызмет етеді. Табысы қомақты, уақытын да өзі таңдайды.

Ырысбек АМАНГЕЛДІ, КУРЬЕР:

Тұрақты жұмысым бар. Қиын емес керісінше маған ыңғайлы қалаған тапсырысынды алсан болады. Қабылдамасан болады. Мысалы мен правый бергта істеймін сол жағалауға шықпаймын басқа жерлерді қабылдамаймын өзіме ыңғайлы.

Дәрібек БАҚЫТБЕКҰЛЫ, ТІЛШІ:

Қазір көпшілігі керегін үйде отырып алып, тапсырыс беріп алдыртады. Жеткізіп берумен айналысатындардың көбісі мен секілді жастар. Қызметінің ақысы алдын ала төленетіндіктен алдап кететіндер жоқтың қасы. Бірақ не тасымалдап жатқаныңды нақты білмейсің. Жолда оқыс-оқиғаға ұшырап қалсаң да ешкім жауапкершілікті міндетіне алмайды.

Онлайн платформалардың көмегімен жұмыспен қамтылған азаматтар үшін арнайы салық режимі енгізіледі. Министр, жұмыс берушілердің әлеуметтік төлемді төлеуі үшін қажет дейді.

Тамара ДҮЙСЕНОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Бұл жағдайда тәуелсіз жұмыскерлер жалдамалы жұмыскерлер сияқты республикалық бюджеттен, мемлекеттік әлеуметтік қордан және сақтандыру компанияларынан әлеуметтік төлемдер алуға құқылы болады. Тиісті аударымдар болмаған жағдайда, оларға заңдарда белгіленген ең төменгі мемлекеттік кепілдіктер ғана беріледі.

Министрдің салық саламыз деген бастамасын мәжілісмендер құптамады. Халық қалаулылыры өз арабаларын сүйреп жүргендерге салық төлету орынсыз деп отыр. Себебі елде жұмыссыздық мәселесі онсызда күрделі. Қайта олар мемлекетке масыл болмай, табыс тауып жүр, дейді.

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Түсінігімде тамақты тасымалдау тағыда басқа секілді дамыған және қалыптасқан қызмет түрі. Енді оны еңбек нарығында реттеу қажет деген ойдамын бірақ. Дегенмен біз жұмыссыздықпен күрес жұмыссыздықты жою деген мәселеде біз ондай нәрселерге бармауымыз қажет. Жалпы халықты осындай дүниелерін тимеу керек деп ойлаймын салыққа қатысты бұл үлкен салықты шешпейді ғой.

Қашықтықтан сауда жасап, курьер арқылы қалағанын алдыратындар күн санап көбейіп келеді. Бұл екі тарап үшін де тиімді.

БЛИЦ:

- Асыққан кезде түн жарымда тамақ ішкіміз келгенде жақсы бірақ курьердің көмегі өте уақытысында алып келеді.

- Аударма/Курьерлердің жұмысы көңілімнен шығады, тек бағасы жағынан жоғары.

- Көзқарасым жақсы иә өз күн табысын тауып жүрген адамдар ғой адал. Ешкім мазасын алмайды ризамын өз басым.

Жаңа қызмет түрі болғанымен қолданушылары көп. Яғни, уақыт өткен сайын курьер қатары да арта бермек. Салық салу арқылы мәселе қаншалықты шешім табатынын уақыт көрсетеді.