Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қызылордада күріш қымбаттап кетті

AstanaTV
06.12.2022ж. 20:00
2514
Қызылордада күріш қымбаттап кетті

Қызылордада күріш қымбаттады. Осыдан 3 ай бұрын оның бір келісі 280-300 теңгеден сатылса, қазір- 400 теңге. Бұл тұрғындардың қалтасына әжептеуір салмақ салып тұр. Ақ маржанның отаны-Сыр елінде неге күріш қымбаттады? Тілшіміз тарқатады.

Қымбатшылық күрішті те айналып өтпеді. Баға 31 процентке бір-ақ көтерілді. Бұл онсызда еңсесін тіктей алмай отырған тұрғындардың қалтасын қағуда.

БЛИЦ:

- Күріш өзімізден шықса да қымбат. Шамалы арзандау болуы керек қой.

- Айлық деген аз. Сол үшін өзімізден шыққан нәрсе, өзіміздің күнделікті тағамымыз арзан болғаны дұрыс қой. Қонымды бағада. Реттеу керек.

- Ешқандайда қонымдысы жоқ. Былайынша, айлықтар да аз. Заттың барлығы қымбат қой қазір.

Соңғы 3 жылда аймақта су тапшылығы қатты сезілуде. Ол күріш шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізді. Дихандар жыл сайын егістік көлемін азайтуға мәжбүр болуда. Былтыр, 78 мың 600 гектар аумаққа дән себілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 мың гектарға кем. Бірақ, көлемі азайғанымен шаруалардың шығыны еселеп кетті дейді мамандар.

Айгүл ҚОСМҰРАТОВА, КҮРІШ ӨНДІРУШІЛЕР ЖӘНЕ ӨҢДЕУШІЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Тыңайтқыштардың бағасы 2-2,5 есеге дейін өсіп кеткен. Мысалы арзан жанар жағармай аламыз оның да бағасы өсті. Авиохим перероботка олар да өскен. Мысалы ауылдан қалаға алып келу тасымал құны ол да, себеп жанар жағармайдың бағасы өсуіне байланысты. Осының бәрі күріштің бағасына әсер етеді.

Биыл 200 мың тоннаға жуық ақ күріш алынған. Бұл -Қызылорданың ғана емес, еліміздегі сұранысты толық қамтиды. Биыл өнім тапшылығы болмсайды.

Талғат ДҮЙСЕБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Күріш өндірушілердің ассоциациясы бар және ірі күріш өндіруші заводтар бар 20-дан астам. Олармен біз меморандумға қол қойғанбыз. Күрішті негізсіз қымбаттатпау жөнінде. Және ішкі нарықта арзандау сату жөнінде.

Елімізге бір жылда шамамен 10-15 мың тонна күріш сырттан әкелінеді. Ал 12 мемлекетке жылына 50-60 мың тонна Сыр маржаны жөнелтіледі.

М. Тоқтасынқызы