$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанада Цербер штаммы анықталды

AstanaTV
07.12.2022ж. 20:00
1089
Астанада Цербер штаммы анықталды

Астанада коронавирустың мутацияланған түрі - Цербер штаммы анықталды. Бұл туралы Астана қаласының бас санитары Жанна Пірәлиева айтты. Коронавирустың тараламы жылдам, қауіпті түрі зертхана нәтижесімен нақтыланған. Жалпы қалада коронавирус жұқтыру көрсеткіші артқан. Желтоқсан айы басталғалы, 322 адам ковидке шалдыққан. Оның 167-сі екпе алған.

Жанна ПІРӘЛИЕВА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС САНИТАР ДӘРІГЕРІ:

Елордада "Омикрон" штаммының жаңа субгенетикалық линиясы анықталды. Цербер-омикронның тармағы. Ол - өте жұқпалы. Аурудың белгілері тұмаумен бірдей - жоғары температура, әлсіздік, буындардың ауыруы.

Ә. Дүкембаева