$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Нәзір Төреқұловтың еңбегі тереңнен зерттеледі

AstanaTV
08.12.2022ж. 20:00
2016
Нәзір Төреқұловтың еңбегі тереңнен зерттеледі

Биыл Мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловтың туғанына 130 жыл. Осы айтулы датаға орай халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Мақсат - қоғам қайраткерінің - дипломат, шығыстанушы ретіндегі мұрасын тереңірек зерттеу. Конференцияға Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров, шетелдік дипломатиялық корпустың өкілдері – Иордания, Кувейт, Палестина, Сауд Арабиясы мен Бахрейн және Марокко Корольдігінің өкілдері мен Түркияның Төтенше және Өкілетті Елшілері қатысты. Шетелдік және отандық ғалымдар халықаралық қатынастардың өзекті мәселелерін бірге талқылады. Ғалымдар әсіресе Төреқұловтың сегіз жыл Сауд Арабиядағы лайықты өкілі болғанын жоғары бағалап отыр. Бұл сол уақыттағы рекордтық мерзім дейді.

Сайлау БАТЫРШАҰЛЫ, “ДИПЛОМАТ НӘЗІР ТӨРЕҚҰЛҰЛЫ” ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Совет одағы білесіздер, коммунисттік система ғой. Атеизм. Сондықтан қажылыққа жібермеу керек деген мәселе Москвада мәселе туды. Бұл кісі айтты. Біз ештеңе ұмытпаймыз. Совет одағында 6 мұсылман республикалар бар. Олар қажыға барғаннан совет одағы кем болмайды. Қайта, бізде бостандық барын, кімдер қаласа қажыға бару керек деп сол қажылыққа содет дәуірінде атеизм уақытында да Москваға соны дәлелдеп берген адам.

Р. Бақытжанқызы