Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Пәкістан - Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы маңызды серіктесі, - Ерлан Қошанов

AstanaTV
13.12.2022ж. 20:00
1000
Пәкістан - Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы маңызды серіктесі, - Ерлан Қошанов

Пәкістан – Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы маңызды серіктесі. Исламабадқа ресми сапармен барған Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов осылай деді. Пәкістан Ұлттық Ассамблеясының спикері Раджа Первез Ашрафпен кездесіп, екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Биыл елдер арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл. Осы уақыт ішінде Қазақстан мен Пәкістан жан-жақты ынтымақтастық орнатып,біраз табысқа қол жеткізді. Екі ел арасындағы сауда айналымы 100 миллион долларға жуықтаған. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда екі есе көп.

Б. Сатуов