Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Бұқтырма су қоймасында фристайлға арналған мұнара салынды

AstanaTV
05.08.2016ж. 20:00
2300
Бұқтырма су қоймасында фристайлға арналған мұнара салынды

Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасында фристайлға арналған мұнара салынды. Бұл нысанды салу жаттықтырушылар мен ата-аналардың күшімен жүзеге асты. Елімізде теңдесі жоқ жаңа трамплиннің арқасында спортшылар қысы-жазы үздіксіз жаттығуға мүмкіндік алды. Ағаштан жасалған жолақтарға жасанды жабындылар төселген.

Бастама иелерінің айтуынша, мұнараның амплитудасы бүкіл талаптарға сәйкес келеді. Спортшылар секірген кезде күрделі элементтерді орындап, суға сүңги алады. Мұндай жаттығулардың психологиялық тұрғыдан пайдасы мол. Себебі суға қонып үйренген фристайлшылар қыста қардағы спорт түрін де жылдам меңгеріп алады, - дейді бапкерлер. 

Виктор Рейхард, фристайл спортының жаттықтырушысы:

Жаңа мұнараның тиімді екеніне көз жеткіздік. Мұнда 20 күннің ішінде аунап секіруге үйренген спортшылардың бәрі бірден қарға дұрыс қона білді. Осының арқасында біздің жарыстарымыздың қызықтылығы арта түсті.

Абзал ҚҰРМАНКИН