$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Ағайынды Аңқауовтар тың туындыларын ұсынды

AstanaTV
15.12.2022ж. 20:00
2462
Ағайынды Аңқауовтар тың туындыларын ұсынды

Тыңнан түрен салған таланттар, ағайынды Аңқауовтар көркем туындыларын тәуелсіздікке тарту етті. Қостанайлық суретшілер қолданбалы өнерге киіз кескіндеме секілді тың технологиялық бағыт әкелген. Кәдімгі қой жүнінен керемет картиналар салады.

Арлан Аңқауовтың мамандығы - дизайнер. Сонымен қатар, ол панно аппликация стилінде сурет салады. Жиырма жылға жуық осы өнерді серік еткен суретшінің өзгелерден өзгешелігі өз жұмыстарына өңделген қой жүнін қолданады.

Арлан АҢҚАУОВ, СУРЕТШІ-ДИЗАЙНЕР:

Ұлттық нақышта таптырмайтын әртүрлі қолтаңбалы бұйымдар бар. Сол біздің бұйымдарымызды келіп тамашалауға болады. Халыққа ұнайды. Алып жатыр. Келіп жатыр. Барлығы ризашылығын білдіріп, батасын беріп жатқан үлкен кісілер бар.

Бір әкеден туған төрт талант туа бітті миопатия дертіне шалдыққан. Бірақ, рухты жігіттер ұлттық өнерді түрлендіріп, оны өздерінің отбасылық кәсіптеріне айналдыра білді.

Бағлан АҢҚАУОВ, ҚОЛӨНЕР ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қойдың жүнінен картина жасау әдісіне біз ашқан беттен бастап үйретіп келеміз. Оның ішінде кішкентай бала да бар. Үлкен жастағы кісілер де бар. Көбісінде балаларға осы жасап жатқан өнер қатты ұнайды. Сол қызығады. Емдік қасиеті де бар. Былайша айтқанда арттерапия дейді ғой.

Бекнұр НҰРТАЙ, ОҚУШЫ:

Маған үйірме ұнайды. Мен сурет салуды үйрендім.

Бағила ТИХОМИРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Осындай заттар істеу керек. Әжелеріміз бұрын істеді ғой. Қазір қайта қолға алып жатырмыз.

Қолөнерді серік еткен қостанайлық таланттардың қой жүнінен жасалған көркем туындылары осыдан он жыл бұрын Астанада өткен жәрмеңкеде көпшілік назарына ілікті. Ағайынды шеберлер Экспо көрмесіне де қатысты. Суретшілер Абай, Ахмет сынды ұлы тұлғалардың портретін аппликация технологиясы бойынша сомдаған.

З. Санай