Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Атыраулық фермерден 4 келі марихуана тәркіленді

AstanaTV
19.12.2022ж. 20:00
1552
Атыраулық фермерден 4 келі марихуана тәркіленді

Атыраулық фермерден 4 келі марихуана тәркіленді. Ол шаруа қожалығын есірткінің фитозертханасына айналдырған. Заңсыздықты полиция қызметкерлері Махамбет ауданы Бейбарыс ауылында орналасқан жеке шаруашылықтағы вагонды тінту кезінде анықтады. Арнайы жабдықталып, жылу мен жарық орнатылған вагонда өсіруге тыйым салынған бірнеше қарасора бұтағы жайқалып тұрған. Одан өзге кептірілген есірткі шөбі де тәркіленді. Енді құқық қорғаушылар 36 жастағы күдіктінің бұл заңсыз іспен қашаннан бері айналысқанын анықтайтын болады.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

1986 жылғы күдікі анықталып, ұсталды. Оның жеке қожалығының ішіне тінту кезінде вагон ішінде жарықпен, сумен қамтамасыз етілетін құрылғылар ұйымдастырылып, оның ішінде 7 түр қарасора өсімдігі анықталды. Сондай-ақ кептірілген 4 келі болатын марихуана тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚК 300-бабы бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Б. Нәдірқызы