$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодар облысында қамыстан салынған үй өртеніп, атасы мен немересі қаза тапты

AstanaTV
20.12.2022ж. 20:00
2397
Павлодар облысында қамыстан салынған үй өртеніп, атасы мен немересі қаза тапты

Павлодар облысында қамыстан салынған үй өртеніп, атасы мен немересі қаза тапты. Қайғылы оқиға түнде болған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін көршісі қызыл жалыннан 3 жастағы баланы құтқарып қалыпты. Алайда атасы мен немересін аман алып шыға алмаған. Лезде лап қойған өрттен үйдің төбесі опырылып, ортасына түсіпті. Құтқарушылар марқұмдардың денесін үйінді астынан алып шықты. Олар – 64 жастағы қария мен 6 жастағы ұл бала. Ал тілсіз жаудан аман қалған қыз ауруханаға жатқызылды. Оның оң жақ қабағы күйіп, уланып қалған. Қазір жағдайы қалыпты дейді дәрігерлер. Өрттің неден тұтанғаны белгісіз.

Қайрат ШАЙМАРДЕНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір осы өрт оқиғасына қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнына өрт зертханасы жіберілді. Тілсіз жаудың шығу себебі анықталатын болады. Шығын көлемі есептелініп жатыр.

Ө. Қуанар