Елорда да Astana Muz Fest 2022 ауқымды фестивалі өтті. Мерекелік шара барысында еліміздің басты шыршасының шамы жағылды. Сонымен қатар «Әлем халықтарының ертегілері» тақырыбында мұз мүсіндер байқауы өтті. Айтулы кешке Астана қаласының әкімі қатысты.
Кешке жиналған жұртшылық әуелі мұз айдынындағы спортшылардың өнерін тамашалады. Онда аяз ата мен қарша қыз көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. ЭКСПО бақтағы бой көтерген мұз мүсіндер көрінісі көздің жауын алады. Ал қалашық болса тұрғындар үшін отбасылық демалыс орынға айналып, мерекелік шарамен жалғасан табады дейді ұйымдастырушылар.
Ержан БАЛТАЕВ, АСТАНА қ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИТЦИЯ ТАРТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Мұз фестивальінің ашылу салтанаты болып жатыр бүгін сонымен қоса. Ол 1 апта бойы осы алаңда жүргізілетін борлады. Әртүрлі концерттік бағдарламалар болады. Оның үстіне зәулім мұздан жасалған мүсіндерді көріп отырсыздар. Әртүрлі ертегілердің мультфилмдердің кейіпкерлерін ол жалпы скулптырлардың барлығын жинап арасында конкурс өтетін болады.
Фестиваль барысында Сейілбек Нұрбаевтың жасаған феникс пен лотс мүсіні көрерменнің ерекше көз айымына айналды. Айтуынша мүсінді тұрғызу үшін 3 күн жұмсаған. Алайда, еңбегім далаға кетпей еленгені үшін қуаныштымын, дейді.
Сейілбек НҰРБАЕВ, ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ:
Жарысқа қатысқаныма өте қуаныштымын. Бәрі жақсы болды. Бәрімізге бәрі ұнады. Организация жақсы өтті. Феникс пен лотс арасында болған махаббат ертегі бар. Сол ертегі маған ұнады. Содан кейін эскиз салып осы конкурстан өттім. Содан кейін осылай жұмыс істедік 3-4 күн. Қиын болды, бірақ қуаныштымыз.
Айта кетейік жарыс соңы мерекелік шарамен жалғасты. Сондай-ақ келушілер үшін жүлделі ұтыс ойындары да ұйымдастырылды. Онда өнерпаздар ән айтып би билеп бар өнерлерін ортаға салды.
Д. Оңласын