Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Алтын тұғыр-2022» сыйлығы өз иелерін тапты

AstanaTV
21.12.2022ж. 20:00
1500
«Алтын тұғыр-2022» сыйлығы өз иелерін тапты

«Алтын тұғыр-2022» сыйлығы өз иегерлерін тапты. Ұлттық спорт бойынша халықаралық, республикалық бәсекелерде дара шыққан жеңімпаздарды марапаттайтын шара биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылды. Салтанатты рәсімге Мәжіліс төрағасы, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов пен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин қатысты. Мерекелік шарада көкпар, бәйге, дәстүрлі садақ ату, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, асық ату, тоғызқұмалақ, құсбегілік және «жыл жаңалығы» аталымдары бойынша үздік спорт саңлақтары мен жаттықтырушылар марапатталды. Жеңімпаздарға 500 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін ақшалай сыйлық табысталды. Сондай-ақ, ұлттық спорт түрлеріне арналған ойын-сауық алаңы құрылып, қазақтың салт-дәстүрі дәріптелді.

Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мыңдаған іс-шара өткізіппіз, биылғы жылдың өзінде. Солардың басым көпшілігі руханиятқа, ұлттық құндылықтарға қолдауға арналған іс-шаралар екен. Бұл байқаудың орны ерекше. Ұлттық құндылықтарымызды тағы бір деңгейге көтеруге, жігіттеріміздің намысын оятуға, жастарымызды ынталандыруға қажетті үлкен жоба. Сондықтан бұл жобаны да болашақта «AMANAT» партиясы қолдайтын боламыз.

Шыңғыс ЕРЖАНОВ, «ҮЗДІК АУДАРЫСПАҚ СПОРТШЫСЫ» 70 КЕЛІ САЛМАҚ БОЙЫНША ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ:

2018 жылы Азия чемпионы болдым. Ең соңғы жетістігім әлем чемпионы Татарстанда өткен осы жылы. Алдағы уақытта одан да дайындалып, жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын.

Р. Бақытжанқызы