Астанада
шатыры опырылған үйге шұғыл жөндеу жұмысы жүргізілетін болды. Бұл жайында бүгін
тілшілерге қалалық тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әлихан Қуатбеков
мәлім етті. Қазір бюджеттен қосымша қаржы бөлу жағы қарастылып отыр.
Әлихан
Қуатбеков, Астана қалалық тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы:
Қала
әкімінің тапсырмасымен қазір қосымша қаражат көзін табу бойынша жұмыс жасап
жатырмыз. Жақын күндері ол жұмыс басталуы тиіс. Бүгінгі күнге дейін 43 млн
теңге бөлінуі тиіс болған. Қазір қосымша жұмыстарды тұрғындар өздері анықтауға
тиіс. Соған сәйкес қаражаттың көлемі өседі. Қабырғаның опырылуына нақты себеп - төбе жабындысының су жіберу
әрекетінен болған. Яғни төбе жабындысының мезгілінде жөндеу жұмыстарының
жүргізілмеуінен су аққан.
Еске
салсақ, кеше түнде Жеңіс пен Сейфуллин көшесінің бойындағы 5 қабатты тұрғын
үйдің шатыры опырылып кеткен. Абырой болғанда, тұрғындар дін аман. Десе де бір пәтер бүлініп, иелері қауіпсіз
жерге көшірілген. Жалпы онда 70-ке таяу пәтер бар. Тексеру қорытындысына
қарағанда, шатырдың құлауына дер кезінде жөндеудің жасалмауы себеп болған. 30
жыл бұрын салынған ғимарат техникалық жөндеу жасалуы тиіс 16 үйдің қатарына
былтыр ілігіпті. Тек қаражының бөлінбеуінен жұмыс басталмаған. Жалпы Астанада
мұндай санатта 350-ден астам үй болса, сүруді қажет ететін 120 апатты үй тұр
екен.
Құралай ПИОНЕР