Астанада ақын, жазушы, публицист, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрғожа Оразға арналған мемориалдық тақта ашылды. Нұрғожа Нарынбайұлының қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар. Ол рухани болмысымыздың өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосты. Ұлт тарихын терең қозғаған дүниелер жазды. Әрбір туындысы қазақтың жоғын жоқтады. Қазақ тарихы мен ана тілінің мәртебесін көтеру жолында қажырлы қызмет жасады. Шараға жиналғандар Нұрғожа Ораз туралы естеліктермен бөлісіп, кейінгі ұрпаққа оның өнегелі өмірін үлгі етті.
Ерлан ДӘКЕНОВ, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Барша қазаққа белгілі Нұрғожа Ораз ағамыздың құрметіне сол кісінің тұрған үйінің бұрышына ескерткіш тақтасы орнатылып жатыр. Енді ол кісіні білесіздер. Бұрынғы таңда белгілі жазушы, ақын мәдениет Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Бірнеше шығармалардың авторы.
Айман ҚОЖАХМЕТОВА, Н. ОРАЗДЫҢ ЖҰБАЙЫ:
Нұрекен жырларының бәріңде халқым, елім, жерім деп жырлап өтіп еді. Сол халқы бүгін жиналып үлкен бір шара жасап жатыр. Өте ризамын. Ризашылығым шексіз өйткені, бұл макған керек емес. Келесі қалған Нұрекеннің ұрпақтары үшін қажет. Сондықтан мынау тұрған халқыма үлкен рақмет айтамын.
Д. Онласын