$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қостанайда ковидке шалдыққандарға арналған орталық уақытша балалар ауруханасына айналады

AstanaTV
05.01.2023ж. 20:00
1301
Қостанайда ковидке шалдыққандарға арналған орталық уақытша балалар ауруханасына айналады

Қостанайда ковидке шалдыққандарға арналып салынған орталық уақытша балалар ауруханасына айналады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы осындай шешім қабылдап отыр. Әуежай шағын ауданындағы инфекциялық орталық 2020 жылы салынған. Коронавирус індетін жұқтырғандарды емдеуге арналған нысан қазір қаңырап тұр. Ай сайын коммуналдық төлемдерге қыруар қаражат жұмсалып жатыр.Ал балалар ауруханасындағы жөндеу жұмыстары созылып кетті. Дәрігерлер мен науқастар облыстық емхананың бір бұрышын паналап отыр. Сондықтан оларды уақытша осында орналастыруды жөн көрдік,- дейді денсаулық сақтау басқармасының басшылығы.

Данияр ЖАНДАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Облыстық балалар ауруханасының жөндеу жұмыстары аяқталғанша осында уақытша орналастырғымыз келеді.Хирургия, травмотология және жансақтау бөлімшелері көшіріледі. Өйткені қазіргі орналасқан жері медициналық талаптарға сай болмай тұр. Ата-аналар тарапынан көп шағым түсті.Ал мына жерде барлық жағдай жасалған.

Орталықтың 3 блогіне үш бөлімше көшіріледі. Жұқпалы індеттен қауіптенуге еш негіз жоқ. Бірнеше рет дезинфекция жүргізілді деп сендірді дәрігерлер. Ал қала тұрғындары ол ғимаратқа балаларды жатқызуды құпатамай отыр.

БЛИЦ:

- Дұрыс емес әрине. Ковидпен ауырған жерге қалай балаларды апармақ.Ауру бәрібір болады ғой.Қалады ғой.

- Қауіпті шығар.Мен маман емеспін. Бірақ сақтану керек.Кішкентай балаларды бөлек ұстау керек.

З. Санай