$475.38 €547.73 ₽5.93
×

Вашингтонда өртке байланысты төтенше жағдай жарияланды

04.08.2026ж. 02:21
Вашингтонда өртке байланысты төтенше жағдай жарияланды
фото: pixabay

АҚШ-та алапат өрт болып жатыр. Вашингтон штатында төтенше жағдай жарияланды. Тілсіз жау Спокан округін шарпыған.

Соңғы мәліметтерге сай, 60 мыңдай тұрғын үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшірілді. 600-дей ғимарат өртенген.

Өрт демалыс күндері басталды. Оның аумағы 21 мың шаршы шақырымға жеткен. Құрғақ ауа райы, екпінді жел мен аптап ыстық өрттің тез таралуына себеп болып отыр. Жалынмен күреске 900-дей өрт сөндіруші тартылған.