«Арселор Миттал Теміртау» Акционерлік Қоғамының металлургия зауытында бір жұмысшы токқа түсіп қайтыс болды. Жазатайым оқиғаның себебін арнайы комиссия тексеріп жатыр. Қайғылы жағдай зауыттың қаңылтыр цехында болған. Қаза тапқан -28 жастағы электр дәнекерлеуші , «Мартенстрой» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің қызметкері. Бұл мекеме «Арселор Миттал Теміртау» -ға мердігер ретінде қызмет көрсетеді. Қазір оқиғаның себебін анықтау үшін құрамына еңбек инспекторлары енген арнайы комиссия құрылды. Жұмыс тобы 10 күн бойы тергеп- тексеру арқылы оқиғаның мән- жайын анықтайды.
Айзада ЖҰМАБЕКОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ- ның екінші палақ илемдеу цехында құрылыс- монтаждау жұмыстарын орындау кезінде «Мартенстрой» ЖШС мердігерлік ұйымының электр газбен дәнекерлеушісі өлім жазатайым оқиға орын алды. Жазатайым оқиғаның себептері мән- жайлары арнайы тергеп- тексеру қорытындысы бойынша айқындалатын болады.
А. Қуаш