Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Көкшетауда тұрғын үйлердің бірінде жылу жүйесі жарылып, 3 әйел көз жұмды

AstanaTV
06.01.2023ж. 20:00
1917
Көкшетауда тұрғын үйлердің бірінде жылу жүйесі жарылып, 3 әйел көз жұмды

Көкшетау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде жылу жүйесі жарылып, 3 әйел көз жұмды. Қайтыс болғандардың бірі - үй иесі, зейнет жасында болған. Ал, қыдырып келген оның қос құрбысы 50 және 56 жаста. Үшеуінің де денесінің басым бөлігін күйік шалып, құтқаруға мүмкіндік болмаған. Қазір оқиғаның негізгі себебі анықталып жатыр.

Жанна КӨКЕШЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біз алдымен 109-ға хабарластық. Бірақ олар бізге басқа жауапты мекемелерге хабарласуымызды сұрады. Осылайша, біз таңғы 4-5 ке дейін тек телефонда жауап күттік. Көршілердің жарығы жанып тұрғасын терезесі мен есігін қайта-қайта қақтық. Бірақ ешкім ашпады. Ал, тиісті сала мамандары келгенше ыстық су барлық дәлізді алып кетті.

Гүлнар ПИНЧУК, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Аталған іс сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіміне енгізілді. Алғашқы медициналық қорытындыға сәйкес, әйелдердің өліміне күйіктен болған шок себеп болып отыр. Медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.