Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ақтөбе облысында мектептер онлайн режимге көшірілді

AstanaTV
09.01.2023ж. 20:00
1460
Ақтөбе облысында мектептер онлайн режимге көшірілді

Ақтөбе облысында боранда қалған 8 адам құтқарылды. Оның бірі - бала. Соңғы тәуліктерде ауа райы күрт бұзылып, қатты аяз, боран болуына байланысты республикалық, облыстық маңызы бар жолдар жабылып, қозғалыс шектелді. Жолда қалған 146 адам жылыту бекеттеріне орналастырылған.

Әли ОМАРОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ТЖБ АҒА ИНЖЕНЕРІ:

Әйтеке би ауданы Самара-Шымкент тас жолының 968 шақырымында адамдарды эвуакуациялау қажеттігі туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына аудандық құтқарушылар жұмылдырылды. Құтқарушылар көмегімен екі жолаушылар автобусы барлығы 35 адам Қарабұтақ аудандық мешітіне эвуакуацияланды. Жолаушылар құрғақ тағамдармен қамтамасыз етілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өңірде күндіз ауа температурасы 26 градус аязды көрсетсе, түнде сынап бағанасы 40 градусқа дейін төмендеді. Бүгін Шалқар және Байғанин аудандарынан бөтен барлық мектептерде оқу процесі тоқтатылды. Алдағы үш тәулікте сынап бағанасы 28-30 градусқа дейін жетеді деген болжам бар.

Нұргүл БЕРТІЛЕУОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Ал 27 градустан төмен температура орын алған елдімекендерде және аудандарда 1 сыныптан 9 сынып аралығында балалардың сабақ процесі тоқталды. Қазгидромедтің болдамы бойынша алдағы үш күнде ауа температурасы төмен болады деп күтіліп отыр. Соған бойланысты ертеңнен бастап оқыту процессі онлайн режимге көшіріледі.

Б. Рахметова