$448.39 €486.91 ₽5.83
×

Республика бойынша «Ел дамуындағы әйелдердің рөлі» форумы аяқталды

AstanaTV
11.01.2023ж. 20:00
740
Республика бойынша «Ел дамуындағы әйелдердің рөлі» форумы аяқталды

«AMANAT» партиясының қолдауымен ел аумағында өткен «Ел дамуындағы әйелдердің рөлі» форумы аяқталды. Шара партияда Әйелдер қанатын құруды мақсат етті. Жиындарда облыс орталығынан бөлек, аудандар мен шалғай елді мекендерде еңбек ететін әйелдер бас қосты. Сондай-ақ, шарада ауыл әйелдерін жұмыспен қамту, бизнестегі әйелдерге арналған жаңа мүмкіндіктер және қаржылық сауаттылық жөнінде баяндама оқылды. Одан бөлек, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, әйелдерді елдің қоғамдық-саяси өміріне тарту, гендерлік теңдікке және ауыл әйелдерінің өз қабілет-қарымын танытуына жағдай жасау туралы өзекті мәселелер қаралды. Форумға қатысушылар туындаған мәселелерді шешудің ортақ тәсілін әзірлеу үшін заманауи қоғамдағы әйелдің рөлін талқылады. Диалогқа мемлекет және қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, көпбалалы аналар, бюджет саласының қызметкерлері, білім беру саласының өкілдері қатысты.

Ә. Дүкембаева





orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах