Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Демалысқа кеткен Екібастұздық оқушылар үйлеріне оралды

AstanaTV
11.01.2023ж. 20:00
1391
Демалысқа кеткен Екібастұздық оқушылар үйлеріне оралды

Екібастұздық 1000-нан астам оқушы қысқы каникулды еліміздің әр түкпіріндегі демалыс орындарында өткізді. Мұны «AMANAT» партиясы ұйымдастырды. Балалар екі аптадай уақыт тынығып, күш-қуат жинады, әр күнін ерекше мазмұнды өткізді.

Алматыдағы балалар лагерінде 10 күн демалған 60 бала бүгін үйлеріне қайтып барады. Алматы - Қостанай поезын жолда қарағандылықтар күтіп алды. «AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалы мен облыс әкімі, сондай- ақ жергілікті кәсіпкерлер бірлесіп Екібастұздық балаларға тәтті сыйлықтар табыстап, ақ жол тіледі.

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Екібастұздық 60 бала демалып бүгін міне елдеріне қайтып бара жатыр. Осы арнайы вокзалда күтіп алып балаларға жолдарына азығын, қарағандылықтардың атынан жаңа жылдық сыйлықтарымызды тапсырып бір өзіміздің жылылығымызды, ыстық махаббатымызды сездірдік деп есептейміз.

Демалыстан жақсы әсер алып қайтқан балалардың көңіл-күйі көтеріңкі. Сыйлықтар мен тәттілерін қолдарына алған олар, ұйымдастырушылар мен ұстаздарына алғыстарын айтты.

Нұрлыбек АЙСҰЛТАН, 6-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Каникулды күшті өткіздік. Достармен бірге ойнадық. Қызықболды ол жақта. Тауға бардық. Вечеринка болды ол жақта. «Аmanat» партиясы мен мұғалімдерге рақмет айтамыз.

Ал алғашқылардың бірі болып демалысқа кеткен екібастұздық 90-ға жуық оқушы аман-есен үйлеріне оралды. Бір апта бойы Алматы қаласындағы санаторийда демалған оларды, теміржол бекетінен ата-аналары күтіп алды.

Ажар НАСИБИДЕНОВА, 8-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Иә, демалысты біз күшті өткіздік. Ертең мектепке дайынбыз. Барлығы ұнады. Медеуге бардық. Циркке бардық. Бассейнде щомылдық. Барлығы өте күшті болды.

Томирис БАЙКЕНОВА, 7-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Біз Алматы қаласына санаторий "Қазақстанға" бардық. Анда өте күшті. 7-6 күн болдық анда. Алматыда өте жылы Екібастұздан қарағанда. Анда ауа райы вообще басқа. Өте көңілді.

Еліміздің түкпір-түкпіріне демалуға кеткен 1000-нан астам оқушының қалғаны да бүгін толық үйлеріне оралады.

А. Базарбай