Елордада бірнеше мектептің мұғалімдері жалған дипломмен балаларға білім берген. Бұл фактіні Астана қаласының прокуратурасы білім беру ұйымдары қызметінің заңдылығын тексеру барысында анықтады. Жалған дипломмен жұмыс істеген 6 педагогтің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ:
"ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес жалған құжатты пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған ұстаздардың педагогикалық қызметі тоқтатылды".
Р. Бақытжанқызы