Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

"Өлтіруге дайындалып келген", - кісі қолынан қаза тапқан оралдық кәсіпкердің әкесі

AstanaTV
13.01.2023ж. 20:00
1643
"Өлтіруге дайындалып келген", - кісі қолынан қаза тапқан оралдық кәсіпкердің әкесі

Оралдық кәсіпкерді тапа тал түсте көпшіліктің көз алдында пышақтап өлтіріп кеткен. Күдікті деп танылған екі жігіттің соты басталды. Қылмыстық істі тергеу жарты жылға созылды. Бұл іске енді алқабилер төрелік етеді. Судья айыпталушылардың өтінішін қанағаттандырды. Күдіктілердің бірі екі әйелі мен балалары барын айтып, аяушылық танытуды сұраса, қасындағы серігі қылмысты амалсыздан жасағанын айтып, ақталды.

Асыланбек ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ, БҚО ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Іс бойынша басты сот талқылауы алқабилердің қатысуыменен тағайындалсын. Қожантаев пен Амангелдіні күзетпен ұстау, бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын. Қаулы шағым келтіруге немесе прокурорды өтініш хаты бойынша қайта қарауға жатпайды.

Қаза тапқан кәсіпкердің туыстары айыптыларға ең ауыр жаза берілуін сұрап отыр. Айтуларынша,қылмыскерлер оны өлтіруге әдейі дайындалып келген.

Темірғали МҰҚАНҒАЛИЕВ, МАРҚҰМНЫҢ ӘКЕСІ:

Қылмыскерлерге ең ауыр жаза берілуін талап етемін! Соттың әділ үкім шығарып, лайықты жазасын береріне сенемін. Олардан моральдық өтемақы сұрап отырмыз.

Айта кетелік, сотталушылар оралдық кәсіпкер Еркін Мұқанғалиевті өз кафесінде бірнеше рет пышақтаған. Терезеден қашып шыққан жігітті артынан қуып жетіп өлтіріп, бой тасалапты. Қандықол қарақшыларды іздеуге ұлттық ұлан жұмылдырылып, көршілес облыстар мен Ресей Федерациясына да іздеу жарияланды. Бірақ күдіктілер қала іргесіндегі саяжайлардың бірінен табылды. Енді олардың 20 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Е. Карин