Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Елімізде алькогольге тәуелді 90 мың адам наркологиялық есепте тұр

AstanaTV
16.01.2023ж. 20:00
1207
Елімізде алькогольге тәуелді 90 мың адам наркологиялық есепте тұр

Соңғы уақытта елімізде ішімдікке тәуелді азаматтар саны артқан. Оның дені тепсе темір үзетін жігіттер дейді мамандар. Азаматтардың мұндай халге түсуіне не себеп? Жалпы маскүнемдік айықпас дерт пе? Әріптесім Дәрібек Бахытбек мамандармен тілдесті.

Бұл емханада ем алып жатқандардың мақсаты - бір. Ертерек айығып отбасына оралсақ дейді. Руслан осыдан 20 жыл бұрын ішімдікті жанына серік еткен. Уақыт өткен сайын оған байланып қалған. Ақыр соңында, мамандардың көмегіне жүгінуден басқа амалым қалмады дейді.

Руслан, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Шыңына келетін болсақ, өмірімнің жартысы ішімдікпен өтті. Былай ішімдікке қатты салынғаныма 5-6 жылдай болды.+Мұнда келіп мамандардан көп көмек аласын. Сол психологиялық түрде де жақсы көмек береді. Біржолата қойып соңы. Отбасына қайтіп келіп. Қауымға қайтіп келу. Салауатты өмір сүру үшін.

Мамандардың ақпаратынша, соңғы жылдары қолына бөтелке ұстағандар көбейген. 230 адамға лайықталған емханада қазір 250 адам емделіп жатыр.

Ғайша БОЛАТБЕКҚЫЗЫ, НАРКОЛОГ-ДӘРІГЕР:

Жалпы маскүнемдікке тәуелді азаматтар көп. Көбінесе орта жастағы кісілер. Екі түрмен түседі, науқастар яғни жоспарлы түрде екіншісі мәжбүрлі түрде 6 айға жабылады.

Айта кетейік, елімізде мас күйінде қылмыс жасау дерегі де жиі тіркеледі. Астана қаласында 2022 жылы 767 оқиға болған. Ал, биылдын өзінде 4 қылмыстық жағдай анықталды.

Нұралы ТӘҢІРБЕРГЕНОВ, АСТАНА қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Маскүнемдік пен қылмыс бір-бірімен тығыз байланысты. Алкоголь ең алдымен адам психикасына кері әсерін тигізіп, жағдайға сай көзқарастан айыратындықтан, бұл қылмыстар қисынсыз және қатыгез болып табылады. Көбінесе маскүнемдер адам өлтіру, дене жарақатын салу, зорлау, ұрып-соғу әрекеттеріне барады.

Ресми мәліметке сүйенсек, алькогольге тәуелді 90 мың адам қазір наркологиялық есепте тұр. Оның дені-30-дан асқан азаматтар.

Д. Онласын