Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Астанада тағы бір сарбаз көз жұмды

AstanaTV
18.01.2023ж. 20:00
2806
Астанада тағы бір сарбаз көз жұмды

Астанада тағы бір мерзімді қызметтегі сарбаз көз жұмды. Қорғаныс істері министрлігінің мәліметінше, сарбаз парашютпен секіру кезінде қаза тапқан. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Талғат ҚОЙБАҚОВ, ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ ҚҰРЛЫҚ ӘСКЕРЛЕРІНІҢ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ:

Әскери қызметші 2022 жылдың көктемінде Қарағанды қаласынан әскер қатарына шақырылған. Командирлері мен қызметтестері арасында үлкен беделге ие болған еді. Бауырмашыл, қызметі жағынан үнемі жақсы жағынан көрінетін. Борышын өтеуге келгелі бері әскери істі үйренуге ерекше ынта танытып жүретін. Өз ата-анасының айбынды ұлы, нағыз патриот және қызметтестері арасында үлгілі азамат болатын. Қарулы Күштердің басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарына орны толмас қазасына ортақтасып, қайғыра көңіл айтады.

Ә. Дүкембаева