Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматыда тоғызқұмалақтан «AMANAT CUP» ашық турнирі өтті

AstanaTV
17.01.2023ж. 20:00
1649
Алматыда тоғызқұмалақтан «AMANAT CUP» ашық турнирі өтті

Алматыда «АМАNAT» партиясының ұйымдастыруымен «Ұлттық мұра» жобасының аясында тоғызқұмалақ ойынынан ашық біріншілік өтті. Бәсекені өткізудегі негізгі мақсат – тоғызқұмалақтың бұқа­ра арасында кеңінен танылып, онымен шұғылданушылар санын еселеу.

Мейіржан ОТЫНШИЕВ, «АМАНАТ» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Тоғызқұмалақ ол біздің ежелгі дәстүрлі қазақстың ұлттық ойыны. Ол балалардың ойын, санасын көтеретін бір ойындардың бірі. Енді бүгін біз жасөспірімдердің арасында, 15 жасқа дейінгі балалардың арасында біріншіден өткізіп отырмыз. Бүгін 40 бала қатысып отыр бірақ ол қалада іріктелген балалар.

Оқушылар арасында өткен бәсекеде 12 жастағы Әли Оспанға тең келер қарсылас табылмады. Есептеуден жаңылмай, дұрыс қадам жасаудың арқасында жеңіске жеттім дейді ол.

Әли ОСПАН, ЖЕҢІМПАЗ:

Бұл ойын өте жақсы болды. Бізде 6 ойын болды, алты ойынның алтауында да жақсы қарсыластармен кездестім. Маған қиындық тудырған қарсыластар да болды, оларды жеңіп шыға білдім. Өте жақсы болды бірақ жарыс. Қуаныштымын өте бірінші орын алғаныма.

Ә. Пернебек