Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«Кедейлер қаттысын, байлар «тәттісін» тұтынатын дәретхана қағазын да шығара алмайтын қандай елміз?», - Е.Мәндібек

AstanaTV
18.01.2023ж. 20:00
1520
«Кедейлер қаттысын, байлар «тәттісін» тұтынатын дәретхана қағазын да шығара алмайтын қандай елміз?», - Е.Мәндібек

Қазақстан Ресейден жыл сайын 16 миллион долларға дәретхана қағазын сатып алады. Елімізде қағаз өндіретін өндіріс орнының болмағаны ма, әлде шикізат тапшы ма? Толығырақ тілшіміз тарқатады.

«Кедейлер қаттысын, байлар «тәттісін» тұтынатын дәретхана қағазын да шығара алмайтын қандай елміз? Қоғам белсендісі Ербол Мәндібек өзінің әлеуметтік парақшасында осылай деп жазба қалдырды. Айтуынша, жыл сайын еліміз миллиондаған қаржыны желге ұшыруда. Өндіріс жоқ емес бар. Бірақ нарықты қамтуға қауқарсызбыз дейді.

Ербол МӘНДІБЕК, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Бізде енді қазір сауда дүкендеріне барсаңыз, адамдар арзан нәрсе іздейді. Бір теңге болсын, екі теңге болсын. Себебі ақша жетпей жатыр, тапқан табысы зарплатасы жетпей жатыр. Сондықтан, дәретхана қағазының да арзанына жүгіреді. Ал қымбатын кім алады? Жақсы айлық алатын, немесе бизнесі бар. Олардың өзі шетелден келетін. Турция мен Германиядан жыл сайын бізге 1,2 млн долларға қымбат былай айтқанда бренд дәретхана қағаздары жеткізіліп жатыр. Осыны неге өзіміз өндірмейміз.

Желі қолданушылары да мәселені бірден қоштай кетті. Елде қағаз түгілі, «сіріңке» өзімізден шықпайды деп пікір қалдырған.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Негізі елде дәретхана қағаздары шығады, бізде шикізат жетіспейтін сияқты.

- Айналайындар-ау, сол ақшаға қағаз өндеп шығаратын техникасын алып берсін, кәсіп таппай жүргендерге қолдау жасап....

- Өзімізде кәсіпкерлер өз өнімін шығарғысы келеді, бірақ қолдау жоқ. Шеттен әкелуге мүдделі топтардың әрекеті.

Салыстыру үшін айта кетсек, біздегі қағаз өндірісінің 80%-ы негізгі төрт өңірге тиесілі: Алматы облысы, Алматы қаласы, ШҚО және Шымкент қаласы. Санитарлық-гигиеналық өнімдердің барлығы импорт, отандық өнім үлесі 3,2% төңірегінде.

Әжетхана қағазына дейін өзге елден импортталып жатыр. Өзімізде қажетінше өндіру үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі шикізат жетіспейді деп отыр.

Ілияс ОСПАНОВ, ҚР ИИДМ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Шикізат ең бастысы ағаш болып келеді. Ағаштың барлығы Ресейден келеді. Біздің еліміздегі бар ағашқа қарағанда арзанырақ болып келеді. Сондықтан үлкен үлкен фабрикалар сол жақта шоғырланғаннан кейін, соның цепочкаларымен айналысады.

Бар мәселе шикізатқа тіреледі. Елімізде ағаш қат. Жеріміздің 3,8 проценті ғана орманды алқап.

Салыстыру үшін айта кетсек, біздегі қағаз өндірісінің 80%-ы негізгі төрт өңірге тиесілі: Алматы облысы (20,8 млрд теңге, 31,2%), Алматы қаласы (17,5 млрд теңге, 26,2%) ШҚО (8,3 млрд теңге, 12,4%) және Шымкент қаласы (7,6 млрд теңге, 11,4%). Назар аударарлық жайт, аталған кезеңде санитарлық-гигиеналық өнімдердің барлығы дерлік импорттық өніммен толған, отандық өнім үлесі 3,2%-дың төңірегінде ғана.

Ә. Дүкембаева