Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қар тазалаушыларға көмектескен 3 жасар бүлдіршіннің видеосы жұртты сүйсіндірді

AstanaTV
19.01.2023ж. 17:51
1665
Қар тазалаушыларға көмектескен 3 жасар бүлдіршіннің видеосы жұртты сүйсіндірді

Әлеуметтік желіде қар тазалаушыларға көмектескен кішкентай баланың видеосы көпшілікті сүйсіндірді. Бүлдіршіннің анасы «Жұмыстан қайтып келе жатқан жолда балам қар тазалушыларды көріп, қолындағы ойыншық күрегімен бірден көмектесуге кірісті» деп пікір қалдырған. Қоғамға өз пайдасын тигізетін әрекетте біз баламыздың бетін қақпаймыз дейді. Видеода балақайдың жұмысшыларға қарды қыруға және оны тиегішке лақтыруға бар ынтасымен көмектесіп жатқанын көрген жұрт оның еңбекқорлығын жарыса жазып жатыр. Өзі небәрі 3 жастағы Адам Бондаренконың әсерлі видеосы Павлодар қаласының әкімін де бей-жай қалдырмады.

Ержан ИМАНЗАЙЫПОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бірнеше күн бұрын Instagram әлеуметтік желісіндегі кішкентай қала тұрғынының күрекпен қарды тазалап жатқан әсерлі видеосы жарияланған болатын. Мен де өз кезегімде ата-анасының ұлына беріп жатқан тәрбиесі үшін шын жүректен алғысымды айтамын. Еліміздің болашағы осындай еңбекке құштар бүлдіршіндердің қолында екеніне сенімдімін.

М. Қалиасқар