Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«AMANAT» партиясы Президенттің сайлау өткізу туралы шешімін толық қолдайды

AstanaTV
20.01.2023ж. 20:00
2009
«AMANAT» партиясы Президенттің сайлау өткізу туралы шешімін толық қолдайды

«AMANAT» партиясы Президенттің сайлау өткізу туралы шешімін толық қолдайды». Партия төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы биылғы 19 наурызға тағайындаған Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын мерзімінен бұрын сайлауға қатысты мәлімдеме жасады.Ол аталған шешім қоғам үшін де, елдегі саяси күштер үшін де күтпеген жағдай емес екенін жеткізді. Себебі Президент былтыр қыркүйек айында сайлау күнтізбесін алдын ала, ашық жария еткен болатын. Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясы аз уақыттың ішінде түбегейлі трансформациядан өткенін және алдағы сайлауға тас-түйін дайын екенін атап өтті.

Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл – елдегі конституциялық реформалардың заңды жалғасы. Сондықтан «AMANAT» партиясы мемлекет басшысының бұл шешімін толық қолдайтынын мәлімдейді. Бұл сайлау азаматтардың әділдікке деген сенімін бекемдейді. Бұл сайлау саяси, экономикалық монополияның тамырына балта шабады.Бұл сайлау жаңа демократиялық дәстүрлер қалыптастыруға мұрындық болады. Ең бастысы қоғам да, түрлі саяси күштер мен сайлаушылар да осы саяси науқанның жүгі мен жауапкершілігін терең сезінуі керек. Себебі, мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұрақты дамуы үшін халқымыздың бейбіт өмірі мен бақуатты тұрмысы үшін бәріміз жауаптымыз.

А. Задабек