Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қызылжар өңірінде су тасқыны кесірінен малынан айырылған тұрғындарға өтемақы төленді

AstanaTV
11.04.2016ж. 20:00
2268
Қызылжар өңірінде су тасқыны кесірінен малынан айырылған тұрғындарға өтемақы төленді

Солтүстік Қазақстан облысында қызыл судың кесірінен малынан айырылған тұрғындарға өтемақы төленді. Облыстық ветеринария басқармасы өкілінің мәлімдеуінше, мал шығыны тек Донецк ауылында ғана тіркелген. 1 ірі қара, 37 шошқа, 27 қой мен 52 тауық суға батып, шыға алмаған. Мал шығынын өтеу үшін облыстық қазынадан 1 миллион 94 мың теңге қаражат бөлініпті. Бүгінде қарастырылған қаражаттың түгел дерлігі игерілді, - дейді мамандар.

Ербатыр Мадьяров, «СҚО ветеринария басқармасы» ММ басшысы:

Су тасқыны кеткеннен кейін бүгінгі уақытта бүкіл мал қолдарына қайтырылды. Облыс бойынша 13 передвижной, сосын 17 стационарлық инсинератор бар. Тайынша ауданында передвижной да, стационарный да бар. Сондықтан барлық суға батқан мал сол инсинераторларда күйдірілді.

Тұрғындар жергілікті биліктің өтемақыны дереу төлегендеріне аң-таң. Тасқынның зардабын тартқандардың бірі - Дворецкий жанұясы. Отбасы топан судың кесірінен бүкіл малынан айырылған. Отағасы ақшаның тез арада қайтатынын күтпегенін айтып, ағынан жарылды.

Владимир Дворецкий, Донецк ауылының тұрғыны:

Өтемақының арқасында қайтадан қорамды малға толтырамын. Мемлекетке үлкен рахметімді айтамын. Табиғи апат кезінде назарсыз қалмағандарымызға шүкіршілік етеміз. 

Абзал ҚҰРМАНКИН