$511.18 €530.6 ₽5.28
×

Топан сумен күрес жалғасуда

AstanaTV
11.04.2016ж. 20:00
1642
Топан сумен күрес жалғасуда

Топан судан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан облысы республикалық бюджеттің қаражатына зәру. Төтенше жағдайлар комитетінің басшысы Владимир Беккер осыны мәлімдеді. Айтуынша, өңір әкімдігі қазір арнайы өтініш әзірлеп жатыр.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы: 

Менің білуімше, Солтүстік Қазақстан республикалық бюджеттің қаражатына зәру. Өтініш келсе, міндетті түрде қаржы бөлінеді. Жалпы, топан сумен күресу үшін қазынадан 14,5 миллиард теңге қарастырылған. Бұл сомма өткен жылдағы көрсеткішпен тең.

Бүгінгі таңда қызыл су еліміздің бірнеше аймағына әлі де қауіп төндіріп тұр. Мәселен, Ақмола облысының Атбасар ауданында, Қызылжар қаласы мен Солтүстік Қазақстанның 8 өңірінде төтенше жағдай режимі сақталып отыр. Сонымен қатар, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының су қоймалары мен өзендері арналарынан тасуы мүмкін, дейді құтқарушылар. Статистиканы сөйлеткен комитет басшысы - биыл ел бойынша 500-ден астам үй су астында қалғанын айтты. Көктем басталғалы қауіпті аймақтардан 969 адам эвакуацияланған. Басым бөлігі баспаналарына қайтқанымен, 28 адам әлі де эвакуациялық пункттерде. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА