Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Семейде қарақшы 52 жастағы мүгедектігі бар адамды тонап кетті

AstanaTV
24.01.2023ж. 15:14
1656
Семейде қарақшы 52 жастағы мүгедектігі бар адамды тонап кетті

Полиция бөліміне 52 жастағы тұрғын бір күн бұрын белгісіз адам дүкеннің жанында қолынан 4 мың теңгесін тартып алғанын хабарлады. Криминалдық полиция қызметкерлері қаскүнемнің жеке басын анықтады, ол Семей қаласының 50 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Polisia.kz таратқан ақпаратқа сәйкес, аталған факті бойынша ҚР ҚК 191 - бабы 1-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.