Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Әскери қызметші екі баланы аман алып қалды

AstanaTV
24.01.2023ж. 23:00
1218
Әскери қызметші екі баланы аман алып қалды

Ақмола облысында екі пәтерлі тұрғын үй өртенді. Оның ішінде екі бала болған. Көршісінің үйі жанып жатқанын көрген Әділхан Қазыбай терезені сындырып, ішке кіріп, 3 және 7 жастағы балаларды аман есен сыртқа алып шығады. Бұл туралы Ал бірер минуттан кейін газ баллоны жарылып, үйдің төбесі опырылып түскен. Балаларды құтқарып қалған сержант Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты әскери бөлімде қызмет атқарады, деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Әділхан ҚАЗЫБАЙ, ҚР ҰҚК 01068 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КІШІ СЕРЖАНТЫ:

7 жасар қызы бұрышқа тығылып қалыпты. Сол тығылған жерден тауып алдым. Ес-түссіз жатыр екен. Ол қызды апарып көтеріп бердім. Терезеден анасы күтіп алып, көрші үйге алып кетті. Екінші баланы қолыма телефонымды ұстап, жарығын жағып, іздей бастадым. Ол да бұрышқа қарай тығылып қалыпты. Талып қалыпты. Оны да терезеге қарай көтеріп апардым.