Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Көлік астында қалған күдікті сөмке Семей тұрғынын қорқытты

AstanaTV
25.01.2023ж. 10:33
1119
Көлік астында қалған күдікті сөмке Семей тұрғынын қорқытты

Кеше кешкілік сағат 21:30-да Абай облысы ПД ЖБО-ға Әуезов даңғылындағы Ардагер дүкенінің жанында иесі белгісіз сөмкенің табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметтік иттің көмегімен күдікті сөмкеде жарылғыш заттың бар-жоғын тексерді. Тексеру нәтижелері бойынша сөмкенің қауіпсіз екені анықталды. Оның ішінде спорттық жаттығуға арналған заттар болған.