Қостанайда зейнеткерді 15 рет пышақтап өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шықты. 45 жастағы Марина Евтюхина 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Айыптау актісіне сәйкес, сотталушы зейнеткерді аңдып үйіне дейін барған. Көпқабатты үйдің кіреберісінде қарияға атылып, кеудесінен және мойнына бірнеше рет пышақ сермеген. Қария қаза тапты. Ал Марина Евтюхина марқұмның мойнындағы алтын алқасын олжалап, оқиға орнынан із жасырған. Алқаны ломбардқа тапсырып, түскен ақшаға азық-түлік алған көрінеді.
Зәуре ЕДІКОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Сот үкімімен сотталушыға қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сотталушыдан жәбірленуші тарапқа 10 миллион теңге көлемінде моральдық және 2,5 миллион теңгеден астам материалдық залал өндірілді.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.