Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Жөргек ұрлаған жігіт ұсталды

AstanaTV
25.01.2023ж. 15:44
1038
Жөргек ұрлаған жігіт ұсталды

Астанада жөргек ұрлаумен айналысқан жігіт ұсталды. Polisia.kz. таратқан ақпаратқа сәйкес, ол 19 жаста. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының полиция қызметкерлері сериялық ұрлық жасады деген күдікпен қолға түсірген. Бейнекамералар жас жігіттің жасаған ұрлықтарын түсіріп алған. Сонымен күндізгі уақытта ол дүкенге кіріп, жөргектерді, балалар тағамы мен ұстара станоктарына арналған кассеталарды еш кедергісіз қолды қылған. Жігіт ұрланған тауарды кездейсоқ адамдарға сатып, түскен қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі уақытта барлық фактілерге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жас жігітке қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Оның елорда аумағында осыған ұқсас үш қылмысқа қатысы бар екені анықталды.