Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қостанайда астыртын синтетикалық препарат сатумен айналысқан колледж студенттері ұсталды

AstanaTV
25.01.2023ж. 20:00
960
Қостанайда астыртын синтетикалық препарат сатумен айналысқан колледж студенттері ұсталды

Қостанай полицейлері есірткі жасырушылардың ізін кесті. Ұсталған күдіктілер- колледж студенттері болып шықты. Тінту кезінде қыздардың қалтасынан ақ түсті ұнтақ заттың 50 орамасы табылған. Олар синтетикалық есірткіні көпқабатты үйлердің кіреберісіне және пошта жәшіктеріне жасырған. Өздері тұратын жалдамалы пәтерді тінту барысында тағы ірі көлемде 192 грамм мефедрон-препараты тәркіленді. Күдіктілер енді ұзақ мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Жазаның ауыр екеніне қарамастан жастар есірткі затын таратуды тоқтатар емес. Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленіпті.

Бауыржан ҚАСЫМХАН, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Қазіргі уақытта күдіктілер ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-і бабы бойынша уақытша тергеу изольяторына қамалды. Осы фактілер бойынша «Есірткіні тасымалдау, сатуға» байланысты 297-баптың 3 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

З. Санай